Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025 - 2027 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 262 738 934 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 229 388 855 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 588 919 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16 130 257 мың теңге;
арнаулы түсімдер - нөлге тең;
трансферттер түсімі – 16 630 903 мың теңге;
2) шығындар – 276 426 656 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 414 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 7 864 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 450 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 549 855 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 549 855 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 14 241 991 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – - 14 241 991 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 14 241 991 мың теңге, соның ішінде.
қарыздар түсімдері – 14 076 929 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 300 563 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 465 625 мың теңге.».
5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2025 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде қала кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджеттеріне Павлодар қалалық бюджетінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерде көзделгені ескерілсін:
Атамекен кентінің, Кенжекөл ауылдық округінің, Павлодар және Жетекші ауылдарының автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге – 714 284 мың теңге;
Мойылды және Павлодар ауылдарының, Атамекен кентінің және Кенжекөл ауылдық округінің елді мекендерін абаттандыруға және көгалдандыруға – 247 579 мың теңге;
Мойылды, Павлодар және Жетекші ауылдарының, Атамекен кентінің және Кенжекөл ауылдық округінің елді мекендерінің көшелерін жарықтандыруға – 204 322 мың теңге;
Атамекен ауылының жолдарын қайта жаңартуға - 30 141 мың теңге;
Мойылды ауылының, Атамекен кентінің және Кенжекөл ауылдық округінің мәдениет ұйымдарын ұстауға – 107 035 мың теңге;
Павлодар, Жетекші ауылдары, Атамекен кенті және Кенжекөл ауылдық округі мемлекеттік органдарының күрделі шығыстарына – 62 670 мың теңге;
Павлодар ауылында, Атамекен кентінде және Кенжекөл ауылдық округінде дене шынықтыру және спорт ұйымдарын ұстауға – 23 140 мың теңге;
Мойылды, Павлодар және Жетекші ауылдарының, Атамекен кентінің және Кенжекөл ауылдық округінің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 100 434 мың теңге;
Атамекен кентінде және Кенжекөл ауылдық округінде мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға – 9 453 мың теңге;
Павлодар ауылында және Кенжекөл ауылдық округінде елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 36 998 мың теңге;
Кенжекөл ауылдық округінде ведомстволық бағынысты мәдениет мекемесінің күрделі шығыстарына – 13 650 мың теңге;
Атамекен кентінде мемлекеттік органдарды ұстауға – 10 350 мың теңге;
Атамекен кентінде жерлеу орындарын ұстауға – 33 310 мың теңге.»;
6 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6.Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органының резерві 2025 жылға 1 504 653 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.