Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 49-1, 49-2, 914-1-баптарына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жазаға тартылған адамдар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері айқындалсын.
- Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес базасында қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізімі айқындалсын.
- Осы қаулыны орындау «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков