Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам азаматқа мемлекеттік қызметші мәртебесін бере отырып, одан жүктелген міндеттердің сапалы орындалуын, мемлекеттің функциялары мен міндеттерінің тиімді іске асырылуын күтеді.
Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметші беделін түсіретін немесе қоғам тарапынан сын тудыратан ситуациялардан өзін алшақ ұстауы тиіс. Іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтамау Әдеп кодексін өрескел бұзу болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеу міндеттері жөнінде түсіндіру жүргізеді.
Түсіндіру-профилактикалық шараларды жүргізу барысында уәкіл ретінде болашақ жас мамандарды мемлекеттік қызметтегі перспективалар туралы, кадрлар саясатындағы меритократия принципі туралы хабардар етеміз. Мемлекеттік қызметтегі меритократия – уақыт талабы. Бұл қағида қашанда мемлекеттік органдарға қызметке қабылдану негізі болып қалады және лайықты кадрларды іріктеуге мүмкіндік береді. Бір анығы – меритократия принциптерін нығайту мемлекеттік қызметке тек сауатты, білікті кадрлардың өтуіне ықпал жасайды.
Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру мен мемлекеттік қызметшілерді одан әрі ынталандыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілермен еркін форматта ашық кездесуі өтіп тұрады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі олардың мінсіз әдеп мінез-құлықтарымен қатар жүреді. Негізгі жұмысымызды мемлекеттік қызметшілерді тек қызметкер ғана емес, халық арасында беделді және үлгі тұтатын тұлғаға айналдыру, мемлекеттік органдардың қоғамдағы ролін күшейту және мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру бағытында атқарудамыз.
Қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, әр адам мемлекеттік қызметпен тағдырын байланыстыра отырып, халықтың алдындағы үлкен жауапкершілігін сезінуі қажет.
Н. Ахметова, Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі,
Әдеп жөніндегі уәкіл