2025 жылғы 24 тамызда өткен Павлодар қаласы Жетекші ауылының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 24 тамызда Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1 870 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 739 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде - 50.

Кандидаттардың жалпы саны - 2.

Жетекші ауылы әкімін сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Әбдірахманов Нұрлыбек Маратұлы үшін сайлаушылардың 636 дауысы берілді,

Құланбаев Ренат Қасанұлы үшін сайлаушылардың 52 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 25.

Сайлау қорытындысы бойынша Жетекші ауылының әкімі болып Әбдірахманов Нұрлыбек Маратұлы сайланды, 1985 жылы туған, Жетекші ауылының әкімі, Жетекші ауылында тұрады.

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

комиссия

Дата публикации
25 августа 2025