Жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, елді мекендер жерлері санатынан жер телімдеріне 11 (он бір) айға жалға алу мерзімімен уақытша өтеусіз жер пайдалану жағдайында «Павлодар-Водоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Павлодарқаласы жер қатынастарыбөлімі»мемлекеттікмекемесіҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындабелгіленгентәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осықаулы оның алғашқыресмижарияланғанкүніненкейінкүнтізбелікон күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  3.  

Павлодар  қаласының  әкімі                                            Х. Хабылбеков

Дата публикации
21 августа 2025