«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабына сәйкес, 2025 жылғы 19 тамызда Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Жетекші ауылының әкімі болуға кандидат Марат Токмаганбетович Кожахметовтың өтінішін қарап, шешім қабылдады:
Әкім болуға кандидат М. Т. Кожахметовтың тіркелуі жойылсын. М. Т. Кожахметов сайлау бюллетеніне тіркелген кандидаттар тізімінен шығарылсын.
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы