2025 жылғы 29 шілдеде сағат 18.00-де Павлодар қаласы Жетекші ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Жетекші ауылы бойынша барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен ұсынылды, 2 (66,7 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 3 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы