Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімдігіне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 29 шілдеден кешіктірмей Павлодар облысының Павлодар қаласының әкіміне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Павлодар облысы  Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясына: tic_pav@saylau.kz, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61 (№ 109 кабинет) ұсыну тиіс.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Павлодар қалалық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Дата публикации
18 июля 2025