Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы
«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 818/2 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
17-тармақтың 25-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
25) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану;»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«25-1) азаматтарды қандай да бір белгілер бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;»;
«25-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалада мандаттық хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;».
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков