Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 550/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің туралы Ережесінде:
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
26-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков