"Көп пәтерлі үйлерде үздік жаңа жылдықбезендірілуі" номинациясы бойынша қалалық конкурс өткізу туралы ЕРЕЖЕ.

Ұйымдастырушы: "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ

КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТЫ:

  • Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтау және күтіп-ұстау мәселелері бойынша көппәтерлі тұрғын үй иелерінің бастамасын қолдау және дамыту;
  • Қаланың шағын аудандарының сәулеттік келбетін жақсарту;
  • Көппәтерлі тұрғын үйде тиімді меншік иесінің институтын қалыптастыру;
  • Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу;
  • Жергілікті өзін-өзі басқаруда халықтың әлеуетін іске асыру;
  • Көппәтерлі тұрғын үйлерде жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға халықты тарту.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:

қалалық байқау қаланың көппәтерлі тұрғын үйлерінде және кондоминиум объектілерін басқару органдарында тұратын тұрғындар арасында өткізіледі.

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

Конкурсқа қатысуға өтінім "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ беріледі.

Өтінімдер 2024 жылдың 18 желтоқсанынан 23 желтоқсанына дейін Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25,   

кабинет 706  мекенжайы бойынша қабылданады, сондай-ақ  электрондық мекенжайға pavlodar701@mail.ru немесе бөлімнің Instagram парақшасына жіберуге болады.

КОНКУРС ШАРТТАРЫ:

Комиссия жіберілген өтініштер мен материалдарды қарап, атқарылған жұмыстарды он балдық жүйе бойынша бағалайды және келесі критерийлер бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

  1. "Көп пәтерлі үйлерде үздік жаңа жылдық безендірілуі" " атағы келесі шарттар орындалған кезде берілуі мүмкін:
  • сыртқы жарықтандыру дизайны (кіреберіс, ғимарат қасбеті, терезелер); (10 ұпай)
  • аула аумағын жаңа жылдық атрибуттармен және рәміздермен көркем безендіру, мұз бен қар фигураларын, қалашықтарды, қар кейіпкерлерін орналастыру; (10 ұпай)
  • мерекелік безендіруде жаңа идеялар мен технологияларды пайдалану; (10 ұпай)
  • мәнерлілік және орындау шеберлігі (10 ұпай)
  • композициялық толықтығы (10 ұпай)

Байқаудың ең жоғары ұпайы – 50 ұпай.

Тұрғындардың өздері жасаған қосымша абаттандыру элементтері болған жағдайда максималды балл  5 ұпайға артады.

    

      КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ:

          Әр номинация бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар конкурс                  жеңімпаздары болып танылады. Байқау қорытындысы 27 желтоқсанда шығарылады. Жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың 30 желтоқсанында өтеді.

         Конкурстың қорытындысын комиссия шығарады.

Конкурстың қорытындысын өткізу кезінде комиссия отырысының хаттамасы рәсімделеді.

         Байқау жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен марапатталады: бірінші орынға – 300 000 мың теңге, екінші орынға – 200 000 мың теңге, үшінші орынға – 100 000 мың теңге.

Дата публикации
19 декабря 2024