«Павлодар қалалық мәслихатының «2024 – 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106-бабы 4-тармағына, 109 – бабы 1 – тармағына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдардарды тартпайды