АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Павлодар қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы
(2024 жылғы 8 желтоқсандағы сайлау)
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2024 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей Павлодар қалалық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта: tic_pav@saylau.kz, мекенжайы: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61, 101 каб) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Павлодар қалалық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы