Павлодар қаласының әкімдігі, жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған келісім

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын қалалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүлтіксіз сақталуын мойындай отырып, қабылданған міндеттемелер мен өзара іс-қимылды орындау үшін әрбір Тараптың паритетті өкілдігі, өзара сыйластығы мен жауапкершілігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, осы Келісімді 2024 2026 жылдарға арналған Павлодар қаласының әкімдігі, жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері арасында жасасты (бұдан әрі келісім).

Келісім Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өңірде әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамыту; өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау; әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар; жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу; жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау туралы ережелерді қамтиды; ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі Кеңестің қызметі; еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау туралы ережелерді қамтиды.

Келісім Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қалада әлеуметтік әріптестік дамыту туралы; әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі іс-шаралар; жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу; жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды қабылдау; ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу жөніндегі мәселелерді қамту.

Дата публикации
23 сентября 2024