Павлодар облысы әкімі аппаратының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Павлодар қаласы әкімі аппараты «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:

- әлеуметтік қорғау;

- тұрғын үй қатынастары.

Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада, кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар Агенттікке eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және bakirova.almagul@pavlodar.gov.kz   электрондық поштасына еңбек  жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:

 2024 жылғы 15 сәуірден  бастап 22 сәуір аралығы

 

 

 

Дата публикации
17 апреля 2024