«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Павлодар қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.04.2024 - 22.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
26.04.2024
Сұхбат: 02.05.2024- 06.05.2024
Анықтама телефоны: 32-28-06
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі'
мемлекеттік мекемесі қаржы, мемлекеттік сатып алу және әлеуметтік қызмет
көрсету порталымен жұмыс секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым
мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Жеке көмекшілерден Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы есептерді
қабылдайды. 1-С «Бухгалтерлік есеп» бағдарламасы арқылы жеке
көмекшілердің есебін жүргізеді және ААЖ E-Собес арқылы жеке көмекшілерді
тексереді. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы алынған жеке көмекшілердің
есептерін тексеруді жүргізеді. Жеке көмекшілерге қызметтерді төлеуге
құжаттар мен шоттарды дайындайды. Жеке көмекшілердің қызметтеріне ақы
төлейді. Міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды төлеу бойынша
құжаттар мен есеп шоттарын дайындайды және төлемдерді жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушыларынан жеке көмекшілерге түскен атқару парақтары
бойынша шегерімдер жүргізеді. Жеке көмекшілердің, сондай-ақ мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорларының, мемлекеттік органдардың және
мемлекеттік мекемелердің сұрау салулары бойынша қызметтерді төлеуге
есептелген сомалар туралы анықтамалар дайындайды. Жеке көмекшілердің
қызмет көрсетуі туралы есеп беруді қамтамасыз етеді.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: мемлекеттік аудит, экономика,
қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, 051801 2 -
Бухгалтер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
16 апреля 2024