«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға  жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға  жалпы конкурс туралы хабарландыру

Павлодар қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.04.2024 - 22.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
26.04.2024
Сұхбат: 02.05.2024- 06.05.2024
Анықтама телефоны: 32-28-06
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекесі
коммуналдық және ведомстволық тұрғын үй қорын есепке алу секторының бас
маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша құзыреті шегінде
мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру.
Бөлім жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде сатып алу-сату
шарттарын дайындау және оларды тіркеу.
Жылжымайтын тұрғын мүлікті иесіз, иесіз деп тану және оны кейіннен
қаланың коммуналдық меншігіне беру жөніндегі жұмысты жүргізу.
Бөлім жанындағы Мемлекеттік бағдарламалар және тұрғын үй комиссиясы
шеңберінде әлеуметтік кредиттік тұрғын үй беру мәселесі бойынша қалалық
тұрғын үй комиссиясының отырыстарында қарау үшін құжаттарды дайындау,
тұрғын үй комиссиялары шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Ведомстволық (қызметтік) тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау
шарттарын белгіленген тәртіппен жасасу және беру.
Ведомстволық (қызметтік) тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау
шарттарын тіркеу және беру бойынша азаматтарды есепке алу журналын
жүргізу.
Бөлімнің қарамағындағы қаланың тұрғын үй қорына тұрғын үйді жалдау
шарттарын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізу.
Мемлекеттік мүлік Тізілімінде ведомстволық (қызметтік) тұрғын үй
қорының есебін жүргізу.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
азаматтардың құжаттар топтамасын қалыптастыру және қалалық тұрғын үй
комиссиясының қарауына уақтылы жіберу жөнінде шаралар қабылдауға.
Бөлімнің мүддесі үшін талап-арыз жұмысын жүргізу.
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге құқығынан айырылған
адамдарды сот тәртібімен тану.
Тұрғын үй мәселелері жөніндегі сот отырыстарына қатысу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: менеджмент, мемлекеттік аудит,
құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті
басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
16 апреля 2024