«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Павлодар қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.04.2024 - 22.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
26.04.2024
Сұхбат: 02.05.2024- 06.05.2024
Анықтама телефоны: 32-28-06
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі'
мемлекеттік мекемесі қаржы, мемлекеттік сатып алу және әлеуметтік қызмет
көрсету порталымен жұмыс секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым
мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының,
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының орындалуына
бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын,
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің
номенклатурасы мен көлемдерін және конкурстық құжаттамаға техникалық
ерекшеліктерді жасау үшін белгіленген мерзімде құрылымдық бөлімшелерден
қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады. Мемлекеттік сатып алу
порталында мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыс жүргізеді, конкурстық
комиссияның хатшысы болып табылады. Әлеуетті өнім берушілерден келіп
түскен өтінімдерге олардың сұраныстары бойынша жауаптар дайындайды және
мемлекеттік сатып алу порталында орналастырады. Конкурстық құжаттаманы
дайындауға және әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік сатып алу бойынша барлық
қажетті құжаттарды дайындайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді
жасайды және бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылайды. Мемлекеттік
сатып алу бойынша ведомстволық бағынысты мекемелермен жұмыс жасайды.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша
жеткізушілермен жұмыс жасайды. Ашық конкурс және баға ұсыныстары
арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландырулардың
мәтіндерін, бекітілген конкурстық құжаттаманы, мемлекеттік сатып алу
қорытындылары туралы қол қойылған хаттаманың мәтінін дайындайды және
жариялайды. Ай сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыратын
үкіметтік емес ұйымдардан орындалған жұмыстар туралы анықтамаларды
қабылдау, оларды тексеру және орындалған жұмыстардың көлеміне ақы төлеу.
Жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша өнім берушілердің
міндеттемелерін орындауын бақылайды.Берілген орындалған жұмыстар
туралы актілер негізінде жабдықтаушылармен есеп айырысуларды
салыстыруды жүргізеді.
Білім бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: мемлекеттік аудит, экономика,
қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, 051801 2 -
Бухгалтер

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
16 апреля 2024