«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Павлодар қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.04.2024 - 22.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
26.04.2024
Сұхбат: 02.05.2024- 06.05.2024
Анықтама телефоны: 32-28-06
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі'
мемлекеттік мекемесі үкіметтік емес ұйымдармен және мүгедектігі бар
тұлғалармен жұмыс секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету.
Мүгедектігі бар тұлғалардың арнайы көлік құралдарын алуы және
санаториялық-курорттық емдеу қызметтерін алуы үшін жеке оңалту
бағдарламасына сәйкес іс-шаралардың есебін және уақытылы орындауын
жүргізеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес
ұйымдардың әлеуметтік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуіне
бақылауды және мониторингті жүзеге асырады. Ай сайын бюджет
қаражатының игеруіне мониторинг жасайды. Көрсетілетін қызметтерге мұқтаж
мүгедектердің қажеттіліктерін құрастырады. Есептер, ақпараттар, анықтамалар,
азаматтардың өтініштеріне жауаптар дайындайды. «E-Собес» ААЖ-да,
Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс істейді. Мүгедектігі бар тұлғаларды
қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін объектілердің есебін жүргізеді және
бақылайды, ақпарат базасына мәліметтерді толтырады
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: психология, құқықтану, педагогика
және психология, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, экономика, қаржы, есеп
және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогика және психология,
құқық
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.