Павлодар қалалық бюджетінің 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Сіздердің назарларыңызға 2020-2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджетінің азаматтық бюджеті ұсынылып отыр, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары туралы ақпарат қамтылған.

Бұл құжат мынадай бөлімдерді:

- қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін;

- Павлодар қалалық бюджетінің түсімдері мен шығыстарын;

- Павлодар қалалық бюджетінің атқарылуы туралы есепті қамтиды.

2020-2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған және Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 442/61 сессиясында бекітілген.

2020 жылы 02 наурызда № 457/63 Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы  «2020-2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы»  № 442/61 шешіміне өзгерістер енгізілді.

Павлодар қалалық бюджетінің 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Дата публикации
10 марта 2020