2024 жылғы 1 қаңтар бойынша Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қорытындылары туралы ақпараты

2024 жылғы 1 қаңтар бойынша

 Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қорытындылары

туралы ақпараты

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласында

63,1 мың азамат әлеуметтік қолдауалды, оның ішінде:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1896 отбасына (7637 адамға) тағайындалды;

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем –                    2376 балаға төленді (ай сайынғы төлем мөлшері 1,5 АЕК немесе 5175 теңге);

- тұрғын үй көмегі тағайындалды - 630 отбасына (838 адамға);

- жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек –36544 азаматқа төленді;

- мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындар өтелді –244 бала;

– міндетті гигиеналық құралдар – 5491 қамтамасыз етілді, ымдау тілі мамандары – 314 қызметі көрсетілді, жеке көмекшінің қызметтері -                                                  1143 қамтылды, санаторий – курорттық емдеу – 1122 азамат өтті, 522 - кресло – арбалар берілді, 938 - тифлотехникалық құралдары берілді, 402 – сурдологиялық құралдары берілді, 1130 - протездік-ортопедиялық құралдары іс-шаралары орындалды.

– Оңалту қызметтері мен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді-ОЖБ бойынша әзірленген 12061 іс-шараның 11062-і немесе 91,8%.

- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік қызметтерді 1838 адамалды.  12 ҮЕҰ 18 жобаны іске асыруда.

- арнайы әлеуметтік қызметтерді - 2114 азаматалды;

«Черноярская жемчужина» демалыс үйінде 682 зейнеткер сауықтырылды, «Ардагерлер үйі» орталығында - 1147 мүгедек және зейнеткер оңалтудан өтті.

 

Жұмыспен қамту саласында

 

Жыл басынан бері Жұмыспен қамту органында жұмыспен қамту мәселелері бойынша 12 647 жұмыссыз азамат өтініш білдірді. Барлығы 11 324 адам жұмысқа орналастырылды (117,2%, жоспар 9659), оның ішінде:

Бос жұмыс орындарына – 3766 адам (104,2%, жоспар – 3613 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына – 252 адам (117,8%, жоспар – 251 адам), жастар практикасына - 310 түлек (100,0% жоспар - 310 адам) жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға - 395 жұмыссыз (116,2%, жоспар - 340 адам), «Бірінші жұмыс орны» жобасына – 88 адам (100%, жоспар – 88), «Күміс жас» – 140 адам (103,7%, жоспар – 135), «Ұрпақтар келісім шарты» – 6 адам (100%, жоспар - 6), мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандар – 8 адам (100%, жоспар –8).

Қысқа мерзімді курстарға – 153 адам жіберілді (101,3%, жоспар – 151). «Бастау бизнес» оқудан өтті - 897 адам (296%, 303 жоспар), жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды - 108 қатысушы (100,0% жоспар-108 грант), платформада сұранысқа иедағдылар бойынша онлайн – оқытуға жіберілді enbek.kz - 314 қатысушы (101,9% жоспар – 308 адам). Жастар үшін 2,5% шағын несиелер - 30 қатысушыға берілді (103,4%, жоспар – 29).

Халықты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны есепті кезеңде - 2018 адамды құрады.

Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың экономикалық белсенді халық санына шаққандағы деңгейі 1,0% құрайды.

Павлодар қаласы бойынша 6228 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда (тұрақты - 4861, уақытша – 1349).

Жыл басынан 7558 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты - 6294, уақытша - 1264 немесе жоспардың 121,4%.

1) ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 298 жаңа жұмыс орны (тұрақты – 233 жұмыс орны, уақытша - 65 жұмыс орны) құрылды:

Оның ішінде:

«Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпілі» ҰЖ бойынша - 50 тұрақты жұмыс орны немесе жоспардың 100% (жоспар-50) құрылды;

«Кәсіпкерлікті дамыту және жұмыс орындарын құру» ҰЖ - 202 жұмыс орны,  оның ішінде 183 тұрақты, 19 уақытша жұмыс орны немесе жоспардың 103% құрылды (жоспар -196);

«Мықты өңірлер - ел дамуының драйвері» ҰЖ - 25 уақытша жұмыс орны немесе жоспардың 100% - ы құрылды (жоспар - 25);

«Bilimdi ult» сапалы білім» ҰЖ бойынша – 21 жұмыс орны немесе жоспардың 84,0% (жоспар - 25) құрылды.

2) «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 22 тұрақты жұмыс орны немесе 183,3% (жоспар -12) құрылды;

3) «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру» индикаторы бойынша –                     5901 тұрақты жұмыс орны немесе жоспардың 131,1% (жоспар - 4500) құрылды.

Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік қызметтердің 17 түрі көрсетіледі. Барлығы –                           47 929 Мемлекеттік қызметкөрсетілді (электрондық түрде 100%), оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы - 2766, веб – портал арқылы -                      590, Ақпараттық жүйелер арқылы – 44 113, кеңсе арқылы – 470 (дәлелді бас тартуды алды - 4932).

 

Халықты ақпараттандыру үшін бөлімнің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары бар: Instagram @otdel_soczashita_pvl (13 мың оқырман бар, барлығы 1925 жарияланым орналастырылды, оның ішінде 2023 жылы -                            377 жарияланым, 836 өтініш келіп түсті) және Facebook «Павлодарды әлеуметтік қорғау» (4,9 жазылушы бар, 355 жарияланым орналастырылды).

«Ертіс» - 30, «Ирбис» - 20, inbusiness.kz - 2, «Хабар» - 2, «Астана ТВ» - 1 телеарналарында 55 телесюжет эфирге шықты.

Радиода 1 жарияланым.

Баспа басылымдары мен сайттарда – 61 жарияланым орналастырылды (Pavlodarnews.kz, Pavlodar.online.kz, Сарыарқа самалы, Ертіс өңірінің жұлдызы, baigenews.kz,  каз.правда).

Павлодар қаласы бойынша 11 ақпараттық билборд орналасқан (2022 ж.грант бойынша - 1 Усолка шағын ауданы, жастар тәжірибесі - 2 Ак.Бектұров көш. 115, Лермонтов 50, әлеуметтік қызмет порталы -7 Н.Назарбаева даң 204, Ломов көш. 157, Н.Назарбаев – Толстой қиылысы, Камзин-Ломов қиылысы, Торговая көш. 3, Естай көш. БҰӨСО).

Жыл басынан бері бөлімге 746 жеке – 641 өтініш және заңды - 105 тұлға келіп түсті, оның ішінде: 333 өтініш бойынша түсініктеме алды, 298 өтініш бойынша оң шешім қабылданды, 29 өтініш қайта жолданды, 77 өтініш тоқтатылды, 9 өтініш қаралуда.

Дата публикации
09 февраля 2024