Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 1306/2 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға
байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы» № 963 қаулысы, Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі «Егжей – тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» № 1255/2 қаулысы негізінде, Усолка шағынауданында 1200 орынға арналған жайлы мектеп салу мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қосымшаға сәйкес, жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң мәжбүрлеп иеліктен шығару күні бастау күні болып белгіленсін.
- 3. Келісу рәсімдерін келісуді жүзеге асыру үшін Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 620 - кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлассын.
- «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.
- «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.
- Осы қаулыны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабы 3-тармағы тәртібінде қаржылық шығындар қажет етіледі.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков