Павлодар қаласы әкімдігінің «Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысының күшін жою туралы

Павлодар қаласы әкімдігінің  2023 жылғы 3 қазандағы № 1271/2 қаулысы

 

 Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі «Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» № 425/1 қаулысының күшін жою туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының                2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының  63-бабы 4-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 159 заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы негізінде, Павлодар қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі «Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және немесе өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» № 425/1 қаулысының күші жойылсын.
  2. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша басталған рәсімді тоқтатсын.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.
  4. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулыны ресми түрде жариялансын және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің  орынбасары                    Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.

 

             

Павлодар қаласының әкімі                                               Х. Хабылбеков

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 октября 2023