Павлодар облысы Павлодар қаласы Ленин кентінің сайланған әкімін тіркеу туралы
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармағына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Павлодар облысы Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 2023 жылғы «20» тамызда өткен сайлаудың қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
2023 жылғы 22 тамызда Павлодар облысы Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі болып тіркелді:
Ибраев Серік Амангелдіұлы, 1968 жылы туған, қазақ, партиясыз, Павлодар қаласының Ленин кентінде тұрады, жеке кәсіпкер.
Павлодар қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы