Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыру

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары!

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрылымдық бөліктеріне атаулар беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес сізді Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі жөніндегі көпшілік тындауға қатысуға шақырамыз.

Көпшілік тыңдау 2023 жылғы 3 тамыз күні сағат 15.00-де Астана көшесі 156, мекенжайында орналасқан «Колос» балалар ойын-сауық орталығында өтеді.

Дата публикации
28 июля 2023