2023 жылғы 1 шілдеге Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыс қорытындылары туралы ақпараты

2023 жылғы 1 шілдеге Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыс қорытындылары туралы ақпараты

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласында

 

2 931,4 млн. теңге сомасына 30,8 мың азамат әлеуметтік қолдау алды, оның ішінде:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1509 отбасына (6034 адамға) жалпы сомасы – 383,8 млн. теңге төленді;

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем - 41,2 млн. теңге сомасына 1913 балаға төленді (ай сайынғы төлем мөлшері 1,5 АЕК немесе 5175 теңге);

- тұрғын үй көмегі - 435 отбасына (586 адамға) - 9,4 млн. теңгеге тағайындалды;

- жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - 752,1 млн. теңге сомасына                          13085 азаматқа төленді;

- мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындар өтелді - 4,9 млн. теңге сомасына 235 бала қамтылды;

– міндетті гигиеналық құралдар - 3115 қамтамасыз етілді, ымдау тілі мамандары – 299 азаматқа қызмет көрсетілді, жеке көмекшінің қызметтері -1070 азаматқа, санаторий – курорттық ем алды – 315 азамат, кресло – арбалар – 252 азамат, тифлотехникалық құралдармен – 451 азамат, сурдологиялық көмек – 129 азамат, протездік-ортопедиялық көмек -404 азамат;

–-ОЖБ бойынша әзірленген 8334 іс-шараның 6035-і немесе 72,5% оңалту қызметтері мен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік қызметтерді 1560 адам алды.  12 ҮЕҰ 18 жобаны іске асыруда.

- арнайы әлеуметтік қызметтерді -1560 азамат алды;

«Черноярская жемчужина» демалыс үйінде 301 зейнеткер сауықтырылды, «Ардагерлер үйі» орталығында 573 мүгедек және зейнеткер оңалтудан өтті.

 

 

Жұмыспен қамту саласында

 

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органында жұмыспен қамту мәселелері бойынша 6786 жұмыссыз азамат өтініш білдірді. Барлығы 4086 адам жұмысқа орналастырылды (41,5%, жоспар 9841), оның ішінде:

Бос жұмыс орындарына – 2292 адам (63,4%, жоспар – 3613 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына – 146 адам (58,6%, жоспар – 249 адам), жастар практикасына - 61 түлек (19,7% жоспар -310 адам) жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға -371 жұмыссыз (109,1%, жоспар -340 адам), «Бірінші жұмыс орны» жобасына – 20 адам (22,7%, жоспар – 88), «Күміс жас» – 97 адам (107,8%, жоспар – 90), «Ұрпақтар келісім шарты» – 1 адам (20,0%, жоспар -5).

Қысқа мерзімді курстарға – 81 адам жіберілді (66,9%, жоспар – 121).

 

«Бастау бизнес» оқудан өтті - 653 адам (215,5%, 303 жоспар), жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды - 54 қатысушы (50,0% жоспар-108 грант), платформада сұранысқа иедағдылар бойынша онлайн – оқытуға жіберілді enbek.kz -321 қатысушы (104,2% жоспар – 308 адам). Жастар үшін 2,5% шағын несиелер -10 қатысушыға берілді (23,8%, жоспар – 42).

Павлодар қаласы бойынша 6228 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда (тұрақты - 4861, уақытша – 1349).

Бірінші жарты жылдықта 3208 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты -2485, уақытша - 723 немесе жоспардың 51,5% :

1) 5 ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 161 жаңа жұмыс орны (тұрақты – 134 жұмыс орны, уақытша - 27 жұмыс орны) немесе жоспардың 33% (жоспар - 488) құрылды:

Оның ішінде:

«Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпілі» ҰЖ бойынша -50 тұрақты жұмыс орны немесе жоспардың 100% (жоспар-50) құрылды;

«Кәсіпкерлікті дамыту және жұмыс орындарын құру» ҰЖ -84 тұрақты жұмыс орны немесе жоспардың 42,9% құрылды (жоспар -196);

«Мықты өңірлер -ел дамуының драйвері» ҰЖ -25 уақытша жұмыс орны немесе жоспардың 100% - ы құрылды (жоспар - 25);

«Bilimdi ult» сапалы білім» ҰЖ бойынша – 2 жұмыс орны немесе жоспардың 8% (жоспар -25) құрылды.

2)кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша - 760 жұмыс орны немесе 61,9% (жоспар – 1228) құрылды;

3) «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру» индикаторы бойынша – 2280 тұрақты жұмыс орны немесе жоспардың 50,7% (жоспар - 4500) құрылды;

4) «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 7 тұрақты жұмыс орны немесе 58,3% (жоспар -12) құрылды.

Халықты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны есепті кезеңде -2815 адамды құрады.

Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың экономикалық белсенді халық санына шаққандағы деңгейі 1,5% -. құрайды.

Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік қызметтердің 22 түрі көрсетіледі. Барлығы – 35 046 Мемлекеттік қызметкөрсетілді (электрондық түрде 100%), оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы -1515, веб – портал арқылы -412, Ақпараттық жүйелер арқылы – 32 884, кеңсе арқылы – 235 (дәлелді бас тартуды алды-1329).

Халықты ақпараттандыру үшін бөлімнің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары бар: Instagram @otdel_soczashita_pvl (12,4 мың жазылушы бар, барлығы 1755 жарияланым орналастырылды, оның ішінде 2023 жылы - 207 жарияланым, 427 өтініш келіп түсті) және Facebook «Павлодарды әлеуметтік қорғау» (4,9 жазылушы бар, 149 жарияланым орналастырылды).

«Ертіс» - 18, «Ирбис» - 15 телеарналарында 36 телесюжет эфирге шықты, inbusiness.kz - 1, «Хабар» - 1, «Астана ТВ» - 1.

Баспа басылымдары мен сайттарда – 23 жарияланым орналастырылды (Pavlodarnews.kz, Pavlodar.online.kz, Сарыарқа самалы, Звезда прииртышья, Егемен Қазақстан).

Павлодар қаласы бойынша 3 ақпараттық билборд орналасқан (Ак. Сәтбаев көш. (Усолка шағын ауданы), Ак.Бектұров көш. 115, Лермонтов көш. 50).

Жыл басынан бері бөлімге 346 жеке – 295 өтініш және заңды - 51 тұлға келіп түсті, оның ішінде: 203 өтініш бойынша түсініктеме алды, 84 өтініш бойынша оң шешім қабылданды, 15 өтініш қайта жолданды, 19 өтініш тоқтатылды, 19 өтініш қаралуда, 6 өтініш назарға алынды.

 

 

Дата публикации
26 июля 2023