Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 12 шілдедегі
№12 қаулысына қосымша
2023 жылғы 20 тамызға тағайындалған
Павлодар облысы, Павлодар қаласы
Ленин кенті әкімінің сайлауын
дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Ленин кенті әкімінің сайлауын тағайындау. |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 12 шілде (14-б. 8-1 т., т.т. 1) 113-1-б. 1-т.)
|
|
2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округінің шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін жариялау. |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 22 шілдеден кешіктірмей (22-б. 2-т.) |
|
|
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 22 шілдеден кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 27 шілдеден кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Павлодар қаласының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 27 шілдеден кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар. Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады – 2023 ж. 13.07. және сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады, егер де сайлау тағайындау кезінде басқаша белгіленбесе – 2023 ж. 25.07. 13 шілдеде басталады және 25 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б. 5-т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституцияна, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы (113-2-б.)
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен сайлау туралы Конституциялық заңында қарастырылған талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1 т., 31-б.)
|
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы паспорттар мен жеке куәліктерді құжаттандыру және беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып. Қол қою парақтарын аумақтық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.)
|
|
11. 2023 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлген ең төмен жалақының бiржолғы мөлшерiндегi сайлау жарнасын жергiлiктi атқарушы органдардың шотына салу |
|
|
|
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар кандидатты тіркеуге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жылғы 1 шілдеге) |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) кандидатты тіркеуге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 30 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (14-б. 8-1 тт., 113-5-б.14- т.)
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін 30 шілдеге дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 30 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және 19 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Павлодар қаласының әкімі Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 31 шілдеге дейін (24-б. 5-т.)
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 4 тамыздан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 10 тамызға дейін (18-б. (5 тт. ), 38-б. 2-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 17 тамыздан ерте емес және 18 тамыздан кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2023 жылғы 20 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 20 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8-т., 43-б.)
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін (43-б. 8-т.)
|
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 23 тамыздан кешіктірмей (113-10-б.)
|
|
29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 26 тамыздан кешіктірмей (44-б.)
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 27 тамызға дейін (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспар мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.