Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы

Павлодар қаласы әкімдігінің  2023 жылғы 4 шілдедегі № 882/2 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға

байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын

мүлікті  мәжбүрлеп  иеліктен шығару рәсімін  тоқтату туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының                 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының  63-бабы        4-тармағына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Азамат Қайырбек Жагипарұлы Мухамедьяровқа тиесілі, Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 10/1-құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 14-218-003-1440, көлемі 0,1110 га, Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 10/2-құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 14-218-003-449, көлемі 0,0290 га жер телімдерін және өзге жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
  2. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулыны ресми түрде жариялансын және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің  орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға  жүктелсін.

             

 

Павлодар  қаласының  әкімі                                     Е. Иманзаипов

Дата публикации
10 июля 2023