Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 768/1 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер телімін алып қоюға
байланысты жер телімін және (немесе) өзге жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 маусымдағы «Павлодар облысы Павлодар қаласының бас жоспары туралы» № 337 қаулысы негізінде, «Павлодар облысы, Казахстанская правда көшесінен Ладожская көшелеріне дейінгі шекараларында (Ворушина, Томская, Тульская, Читинская, Новосибирская) тұрғын үй кәріздерінің орталықтандырылған желілерінің құрылысы» жұмыс жобасын іске асыру мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Азаматша Багулан Жасуланович Тыныбаевқа және Карлагаш Мешитбаевна Тыныбаеваға жеке меншік құқығымен тиесілі, Павлодар қаласы, Тульская көшесі, 48-үй мекенжайы бойынша орналасқан көлемі 0,0559 га, кадастрлық нөмірі 14-218-032-346 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң мәжбүрлеп иеліктен шығару күні бастау күні болып белгіленсін.
- 3. Келісу рәсімдерін келісуді жүзеге асыру үшін Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 620 - кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлассын.
- «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының әділет органдарында тіркелуін, ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.
- «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.
- Осы қаулыны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабы 3-тармағы тәртібінде қаржылық шығындар қажет етіледі.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Е. Иманзаипов