2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Қала бойынша сайлаушылар тізіміне 252 528 азамат енгізілді, оның ішінде 147 678 адам немесе 58,5 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 147 678 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 24 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 761 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:
Қазақстан Халық партиясы – 12 962 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,79 %;
«Nur Otan» партиясы – 112 912 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 76,61 %;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 12 484 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,47 %;
«ADAL» саяси партиясы – 9 030 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,13 %.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды келесі бөлу белгіленді:
Қазақстан Халық партиясы – 2 мандат;
«Nur Otan» партиясы – 20 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 2 мандат.
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы