Күні: 29 сәуір 2023 жыл
Уақыты: сағат 11.00
Өткізілетін орны: «Жаяу Мұса атындығы
мәдениет үйінің мәжіліс залы»
Жиналысқа жергілікті қоғамдастықтың 68 мүшесі шақырылды.
Олардың ішінде, қатысқандар: 50 адам.
Кворум бар.
Жиналыстың төрағасы: Мекебаев Қанат Ибадуллинович
Жиналыстың хатшысы: Салықбаева Алтын Сағадатовна
Жиналыс төрағасы: 2016 жылдан бастап біздің ауылдың атын қайта атау туралы мәселе бірнеше рет көтерілді. Тұрғындар 6 атауды ұсынды: Қазанғап би, Қазына, Ынтымақ, Бидайық, Атамекен, Жетінші ауыл. Кейбіреулер Ленин кентің қайта атауға қарсы болды. Кент халқының көпшілігінің және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің пікірін ескере отырып, бүгінде Ленин кентінің атауын қайта атау туралы екі ұсыныс қарауға шығарылады: Қазанғап би және Атамекен.
Жиналыс төрағасы: Жиналысты тәртіппен өткізу, сонымен бірге заңдылығын сақтау мақсатында, қоғамдастық мүшелерімен алдын ала талқылау бойынша VIII шақырымдағы қалалық мәслихат депутаты, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қазбек Қасымұлы Әметовке осы жиналысқа модератор кандидатурасы болу туралы ұсыныс енгізілді.
Модератор келесі күн тәртібін жариялады:
1. Ленин кентінің атауын өзгертуге тұрғындардан түскен ұсыныстарды қарастыру.
2. Дауыс беру рәсімі.
3. Қорытындылау.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының күн тәртібі бекітілді
(бірауыздан, көпшілік дауыспен)
Тұрғындар мен қонақтардың сөз сөйлеуі:
Байғалы Шолпан Байғалықызы – Павлодар қаласы мен Павлодар облысының құрметті азаматы: 2010 жылдан бері кентті Қазанғап би атауына өзгерту сұрағы көтеріліп келеді Талай жыл осында Мәметов көшесінде тұрдым. Кентке Қазанғап би атауын беруді қолдауларыңызды сұраймын (Қазанғап бидің еңбегі туралы мәлімет берілді).
Жукенов Каратай Касенович - Астана қаласының тұрғыны, Ленин кентінің тумасы: Кентте ауызбірлік жоқ. Осы өңірге Монголиядан, Қитайдан адамдар қоныстанды. Бәрімізге ортақ Атамекен атауын қолдаймын.
Искаков Аскар Мубаракович - Ленин кентінің ардагерлер кеңесінің: Кент атауын өзгерту мәселесі көтерілгеннен бері ауыл жігіттері Атамекен деп атаймыз деп қол жинап жатыр, Қазанғап биге қарсы шыққаны ма сонда. Қазанғап би ол ұлы тұлға. Осы жердің бұрын Бидайық болған, сондықтан ымыраға келіп кент атауын «Қазанғап би атындағы Бидайық» деп өзгерту керек.
Зейнулина Айман Файзулловна- Филология ғылымының кандидаты, профессор, ҚР ХАА академигі, Павлодар облысының ономастика комиссиясының мүшесі, Құрмет орденінің иегері: 40 жылға жақын қазақтандырамыз, қазақ боламыз деп жүрміз. Қазанғап би Ресей патшалығына қызмет атқарып жүрсе де, Ертіс өңірінің қазақтарын қолдаған. Заман сондай болды, бұл медеу, қоғамдық көзқарас. Қазақ жерлерін Ресей патшалығынан алып қалуда үлкен үлес жасаған Қазанғап би атауын кентке беруді қолдауларыңызды сұраймын.
Алиева Гульжайнат Магазовна - Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми –зерттеу бөлімінің басшысы: 1988-1990 жж. №33 мектепте сабақ бердім. Жетінші ауыл – бұл өткеннің жәдігері, 1968 жылы патша әкімшілігі көп ғасырлы тұрмыс-салтты бұзу үшін барлық ауылдарға сандар беріп бөлген. Ленин партиясы да әлдеқашан өтіп кеткен. Сондықтан жергілікті тұрғындар ауылдың атын өзгерткісі келетіні дұрыс. Бұл сіздің тарихи таңдауыңыз.
Сеильханов Ондирис- Кент тұрғыны, зейнеткер: Осы жерден талай бастықтар, әкімдер, талай танымал азаматтар шықты. Сондықтан кент атауын Атамекен деп өзгертуін қолдаймын.
Ныгманов Еркебаглан- Кент тұрғыны, зейнеткер: Қилы заман кезінде, ҰОС кейін де ата-бабаларымыз балшық соғып үй салып сайын далада ауыл құрды. Сол кездерден ауыл болып келеміз, сондықтан Атамекен деп атауды қолдаймын.
Елеукенова Бахытжамал-«Сағым жылдар» вокалды ансамлінің жетекшісі, көп балалы ана, Павлодар қаласының тұрғыны: Әкем осы аулда тұрған. Ленинді біз ғана білеміз. Өсіп келе жатқан ұрпақ үшін кент атауын Қазанғап атасаңыздар да, Атамекен деп атасаңыздар да қолдаймыз.
Карибаев Ибрай Зейкенович - Павлодар қаласының құрметті азаматы, кент тұрғыны: Жетінші ауылдың атауын өзгерту бойынша халықпен араласып жиналыстарға қатыстым. Қазанғап биге ескерткіш қойып, ауылдың атын халық таңдауы бойынша халқымды сыйлап Атамекен деп атауына қолдаймын.
Жеткербаев Жумабай - Кент тұрғыны, зейнеткер: Осы елдің халқы мені біледі. Қызылорда облысынан осы ауылға жұмыс бабымен көшіп келдім. Біздің ауылға Монголиядан, Қытайдан, Қызылордадан осы жерді атамекен деп көшіп келгендер көп, сондықтан Атамекен атауын қолдаймын.
Темиржанов Талгат Кахарманович - Кент тұрғыны: 1998 жылы Шарбақты ауданынан көшіп келдім. Қазақ үшін Атамекен өте киелі ат, сондықтан қолдамын.
Жданов Александр Иванович- Кент тұрғыны: Ұзақ уақыт бұрын жергілікті қоғамдастықта болдым. Атауды өзгертуде қандай мақсат? Ленин жоқ, партия жоқ, бірақ кент тұрғындарының атын өзгертуде қандай пайда бар? Ленинскийді деген бір ауыл сақтап алу қажет, өйткені ол билікке келгеннен кейін бізде мемлекет пайда болды.
Мухамедьяров Кайрбек Жагипарович - Кент тұрғыны, зейнеткер: Осы аулдың тумасы, тұрғынымын, осы аулда мектеп аяқтады. Заңға сәйкес Үкіметтің қаулысы бойынша бұл жерде пікірді айтуға құқылы тек ауылдың тұрғындары ғана. Қазақ үлкендерді сыйлайтын халық, ақсақалдар шақырылыпты, пікірі айтылсын, бірақ жергілікті адамдардың пікірі ескертілсін. Қазанғап би еңбегі сіңген ірі тұлға болған. Мен осында 65 жыл тұрамын, көршім 1 жыл тұрады, бірақ құқықтарымыз бірдей. Елді біріктіру үшін Атамекен деген атауын қолдаймын.
Ербол Заңғар - Кент тұрғыны: Павлодар өңірінде 7 жыл тұрамын. Әркім өз атасының атын қойғысы келетінін байқадым. Осы елге ата жұртым деп көштім, сондықтан Атамекен атауын қолдаймын. Жолқұдық ауылында Қазанғап би мешіті бар. Қадірлі ұлы тұлғалардың аты сондай қасиетті мәдени ошақтарға берілсін.
Демесинов Махмет Демесинович - Павлодар қаласының құрметті азаматы, Павлодар қаласының тұрғыны: 1965-2020 жж. отбасыммен осы кентте тұрдым. Атамекен – бұл бүкіл қазақ елі, қателеспеңіздер. Жастарды кімге қарап тәрбиелейміз, кімді үлгі етеміз? Қазанғап би атауын беруін қолдаймын (Қазанғап бидің еңбегі туралы мәлімет берілді).
Балпеков Даулет Абулкаирович - Кент тұрғыны: 30 жыл бұрын Совет үкіметі бұзылған кезде жан-жақтан осында көшіп келдік. Кент атауын өзгерте алмай жүргенімізге 10 жыл болды. Атамекен атауына тоқтасақ, барлық жастар оны қолдаймыз. Аталарымызға реніш болмасын деп кенттің бір көшесіне Қазанғап би атын беріп, ескерткіш қоюға ұсынамын.
Аркаев Дмитрий Сергеевич - Ленин кентінің шіркеу қызмептшісі, кент тұрғыны: Ленинді және оның орыс халқы үшін және басқа халықтар үшін қаншалықты жасағанын бәрі біледі. Шынында да, ауылдың атын жаңарту уақыты келді. Кент атауы мәңгілікке сақталатын және бәріне түсінікті болуы керек. Сондықтан Атамекен атауына өзгертуді қолдаймын.
Касенова Гульбану Магзумовна - Кент тұрғыны: Мен ауылда 49 жыл тұрамын, Рубикомда жұмыс істеймін. Менің балаларым мен немерелерім осында дүниеге келді. Ауылдың атын Атамекен деп өзгертуді қолдаймын.
Искакова Жанаргуль Болатовна-Кент тұрғыны: Осы күнге дейін кент атауын өзгерту мәселесін талқылау жүріп жатқалы біздің ауылдың тату екеніне көз жеткіздім. Атамекен атауын өзгертуді ұсынамын.
Турлыбеков Аманжол Сыздыкович-Павлодар қаласының тұрғыны, зейнеткер: Ленин барлық діндерге қарсы шыққан, дін ұстанған адамдардың, соның ішінде ұлы тұлғалардың да көзін жойған. Халықтың айтып жатқанын құптаймын, Атамекен атауын қолдаймын.
Ибраева Даметкен Баткуловна - Кент тұрғыны: 1956 жылы осында дүниеге келіп, мептепті аяқтадым, тарих пәнінен сабақ бердім. 200 жыл Жетінші ауыл болдық. Тарихты зерттейік, білейік, диссертация мен кітаптар жазайық, келесі ұрпақ ата-бабаларымызды білсін. Баянауыл аймағында Қазанғаптан басқа да сұлтандар болған, еңбек сіңіріп бәрі де қайраткер болған. Ата-бабамыздан қалған мекен Атамекен деп аталсын.
Темиров Серик Курмашевич-Кент тұрғыны: Ауылымыздың аты затына сай болу керек. Қазанғап биге еш қарсылығым жоқ, үлкен тұлға болған. Біорақ осы ауылдың аталары, тұлғалары, батырлары бар. Бір шешімге келіп атамекен жеріміз деп Атамекен деген атау қойылсын.
Тусупбеков Айтуган Есимханулы-Кент тұрғыны: 1998 жылы әкем Қарағанды облысынан осында көшіп келді, осы жерде қайтыс боп жерленген. Осы ауылда мен де өстім, балаларым туды. Осы ауыл менің ұрпақтарым үшін Атамекен болсын.
Айдаров Нұрислам Ниязбекұлы - Кент тұрғыны: Қызылорда облысынан 2 жыл бұрын көшіп келдім. Тарихты қозғаудың керегі жоқ, тарихты біз ешқашан ұмытпаймыз. Тәуелсіз елде барлық ұлттар тату өмір сүрудеміз. Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын. Сондықтан Атамекен атауын қолдаймын.
Могила Владимир Александрович- Кент тұрғыны: Неліктен атауды өзгерту тізімдерінде Ленинский нұсқасы жоқ? Ауылдың көше атаулары өзгертілді, бұдан жақсы өмір сүре бастадық па?
Мукажанов Ахметулла Кабиденович - Кент тұрғыны: Кент атауын өзгерту мәселесі басталған көп сұрақтар туындай бастады, мысалға көшелерді жөндемейміз бе деген сияқты. Кеңес өкіметі кезінде біз өзіндік ерекшелігімізді жоғалттық. Басқа мәдениет пен тілді күштеп таңу болды. Тәуелсіз өмір сүргенімізге 30 жыл және халықтың түпнұсқалығын қайтару керек, осыған байланысты атауды өзгерту бұл қажеттілік. Атамекен атауын қолдаймын.
Муканов Айдарбек Талгатович- Кент тұрғыны: Менің ата-бабаларым осы жерге 1720 жылы көшіп келген. 65 жыл емес, 500 жыл осы жерде ұрпақтар мекендеп жатырмыз, Ленин емес бізге мемлекет берген. Жетінші ауыл, Ленинский болдық. Атамекен атауын қолдаймын.
Баяндин Еркин Габдунасирович-Павлодар облысы ҰҚК мұражайының хатшы-директоры, Павлодар қаласының тұрғыны: Қазанғап би атауына өзгертуін қолдауын сұраймын (Қазанғап бидің еңбегі туралы мәлімет берілді).
Бауэр Наталья Владимировна - Кент тұрғыны, №32 мектеп мұғалімі: Мен Ленин кентінде мектепте оқыдым. Біздің еліміздің ерекшелігі – осында 120-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Біз барлық мәдениеттерді құрметтейміз, зерттейміз, балаларға оқытып, сіңіреміз. Сондықтан атамекен (ата-баба елі) атауы өте жақсы және біздің жерімізде қай ата-баба зиратта жататыны маңызды емес, өйткені ол осында туып-өскен және жерленген. Ең бастысы – бейбітшілік пен келісімде өмір сүру. Атамекен атауын қолдаймын.
Нурумов Суиндик Хамитович-№1 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты: Ауылға жүрекке жақын және керемет әдемі атауды қажет етеді. Атамекен – бұл ауыл халқының жүрегіне енген атау. Қазанғап би – еңбегі сіңген адам, бірақ адамдардың есімдерін ауылға атауға болмайды деп ойлаймын. Оның есімін ескерткіш қою арқылы мәңгілікке қалдыруға болады.
Ибраев Серик Амангельдинович - Кент тұрғыны, зейнеткер, ЖК: Мен осы ауылдың тумасымын, менің ата-анам да осы ауылдың тумалары. 6 жылдан астам уақыт бойы елді мекеннің атын өзгерту әрекеттері болды, бірақ тұрғындарға ұсынылған нұсқаларды ұнамады. Атамекен сөзі барлығына қасиетті және терең мағынаға ие. Айтуға және жазуға оңай. Алғаш рет ауыл атауының нұсқасы бәріне ұнайды. Атамекен ұсынысымен біз облыс басшысына жүгіндік және тек 1 күн ішінде бізді мыңнан астам адам қолдады.
Мен жарыссөзді тоқтатуды ұсынамын.
Құрметті жиналысқа қатысушылар, жарыссөзді тоқтату туралы ұсыныс түсті. Егер басқа сұрақтар мен ұсыныстар болмаса, мен жарыссөзді тоқтатып, дауыс беруге көшеміз.
ҚАБЫЛДАНДЫ: бірауыздан.
ҚАЙТА АТАУ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУ:
1. Ленин кентінің атауын Қазанғап би деп өзгертілуі үшін
1 адам қолдады,
48 адам қарсы,
1 адам қалыс қалды.
2. Ленин кентінің Атамекен деп өзгертілуі үшін
49 адам қолдады,
0 адамға қарсы,
1 адам қалыс қалды.
Есептеу комитетімен келесідей нәтижелер берілді:
АТАМЕКЕН үшін 49 дауыс
ҚАЗАНҒАП би үшін 1 дауыс
Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік Ленин кентінің атын Атамекен деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады.
ШЕШІМ
1. Ленин кентінің атауын Атамекен деп өзгерту туралы қатысушылардың бірауыздан оң шешімі қабылдансын.
2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамалық шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Жиналыс төрағасы Қ. Мекебаев
Хатшы А. Салықпаева