ЖОБА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласы Павлодар ауылының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспар бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық
мәслихатының торағасы