ЖОБА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласы Жетекші ауылының жайылымдарын басқару оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы жоспары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала құрылысы мен экология жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық
мәслихатының төрағасы