Павлодар қалалық мәслихаты мәслихаты ШЕШТІ:
Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы» 2016 жылғы 4 шілдедегі № 48/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып шешіміне тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы» шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын»;
көрсетілген шешімнің 2,3-тармақтары алып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.