«Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 шілдедегі № 48/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар қалалық мәслихаты мәслихаты ШЕШТІ:

Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы» 2016 жылғы 4 шілдедегі № 48/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып шешіміне тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

«Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы»

шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын»;

көрсетілген шешімнің 2,3-тармақтары алып тасталсын;

көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

 

Аты-жөні

 

«Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 шілдедегі № 48/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
06 марта 2023