Павлодар қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жоба

 

 

Павлодар қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы 5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 787 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - болу құны 5 (бес) пайызға бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

        

Павлодар қалалық

мәслихатының төрағасы

Павлодар қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
31 января 2023