Қалалық мәслихат депутаттарын сайлауды әзірлеу және өткізу бойынша ақпарат

Павлодар қаласының аумағында 139 сайлау комиссиясы бар, соның ішінде 1 – аумақтық, 138 – учаскелік. Оларда 1143 комиссия мүшесі жұмыс істейді, соның ішінде 7 – аумақтық, 1136 – учаскелік. Сайлау комиссиялары мүшелерінің 70% Президент сайлауын, Парламент Мәжілісі депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын сайлауды, ауыл, кент әкімдерін сайлауды өткізу тәжірибесі бар.

Барлық 138 сайлау учаскесі дауыс беруге қажетті барлық құрал-жабдықтармен, жиһазбен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалған.

Павлодар қаласының сайлау комиссияларының жүйесіне 24 округтік сайлау комиссиясы кірді. Округтік сайлау комиссияларының құрамы мәслихат сессиясында бекітілді. 24 округтік сайлау комиссиясының құрамында барлығы 120 мүше бар (әр комиссияда 5 адам). 60% адамда округтік комиссияда тәжірибесі бар. Әр округтік комиссияға 5-7 сайлау учаскесі кіреді, бір округ бойынша орташа есеппен 10 000 адам шамасында (әр округте сайлаушылар саны 9560-тан 11110 адамға дейін).

Округтік сайлау комиссиялары 19 мектеп, 3 колледж, мәдениет үйі, қосымша білім беру ғимаратында орналасқан. Жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған.

2023 жылғы 24 қаңтардағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссияларының төрағалары үшін екі оқыту семинары, округтік сайлау комиссияларының хатшылары үшін Парламент Мәжілісі депутаттарын және мәслихаттар сайлау комиссияларының депутаттарын кандидаттарды ұсыну және мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу кезінде сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша бір семинар өткізілді. Округтік сайлау комиссияларының мүшелері Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен танысты.

Округтік сайлау комиссияларында комиссия мүшелерінің кезекшілік кестесі әзірленіп, кабинет талапқа сай жасақталып, комиссия мүшелері арасында міндеттерді бөлу бойынша отырыстар өткізілді.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 20 қаңтарда басталып, 2023 жылғы 8 ақпанда аяқталады. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2023 жылғы 20 қаңтарда басталып, 2023 жылғы 18 ақпанда аяқталады.

18 ақпанда сағат 18-00-де депутаттыққа кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады.

        

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Қалалық мәслихат депутаттарын сайлауды әзірлеу және өткізу бойынша ақпарат
Дата публикации
31 января 2023