Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

 

2023 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылып, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

 

Сайлау 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген.

     

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады.

Мәжіліс – Парламенттің төменгі палатасы, 107 депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жыл.

 Аралас сайлау жүйесі депутаттардың бір бөлігі пропорционалды жүйе бойынша (депутаттық мандаттар кандидаттар тізімдері арасында кандидаттар тізімдері үшін берілген дауыстарға пропорционалды түрде бөлінеді), ал бөлігі мажоритарлық жүйе бойынша (өз округі бойынша ең көп дауыс жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі) сайланады деп болжайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының 70% партиялық тізім бойынша сайланады.

 30% - бір мандатты аумақтық сайлау округтерден (депутаттыққа кандидат бір ғана депутат сайланатын сайлау округіндегі сайлауға қатысқан кезде).

Облыстардың мәслихаттарына депутаттардың 50% партиялық тізім бойынша, 50% бір мандатты округтерден сайланады.

Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың мәслихаттарына депутаттар толықтай бір мандатты аумақтық округтерден сайланады.

Дауыс беру кезінде «Барлығына қарсы» бағанасы беріледі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес сайлаушылар бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының мандатын қайтарып ала алады.

Бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастамашылық ету себебі сайлаушылардың, оның ішінде сайлауалды бағдарламаның орындалмауына байланысты, сенімінің жоғалуы болып табылады.

 

Павлодар қалалық аумақтық

Сайлау комиссиясының мүшесі                                        С. Гуторов

Уважаемые жители города!
Дата публикации
30 января 2023