Сіздердің назарларыңызға Ленин кентінің 2023 ─ 2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылған, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды: - кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;
- "Ленин кенті әкімінің аппараты« мемлекеттік мекемесі бюджетінің түсімдері мен шығыстары.
- Ленин кенті бюджетінің атқарылуы туралы есеп.
Кенттің 2023 - 2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Ленин кентінің 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды және Павлодар қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 209/27 сессиясында бекітілді.