«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1 және 4-тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 24 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
2. Осы қаулы «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағасы З. Мұқашева
Хатшысы Ә. Қайырқұлова