Сіздің назарыңызға «Павлодар қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылды, онда бөлім бюджетінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылған.
Бөлімнің бюджеті Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 ақпандағы 258/1 «Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 2162/6 «Павлодар қалалық мәслихаты сессиясының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы»№106/13 шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген
Бөлімнің бюджеттік бағдарламалары басшының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1-04/39 бұйрығымен бекітілген.