Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – шешім) Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы қаланы санитарлық тазалаумен айналысатын кәсіпорындарға тікелей экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Тарифты бекіту коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді және осы салада инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Қоғамдық талқылау 2022 жылғы 2 желтоқсаннан 2022 жылғы 19 желтоқсанға дейін – өткізіледі.
Барлық қызығушылық танытқан азаматтар талқылауға келесі сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14322561 бойынша қатыса алады.