«Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»

Жоба

        

«Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 - бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы» Павлодар қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 494/66 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6853 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

  

                   Лауазымы                                                                           Аты-жөні

 

 

                                                                           Павлодар қалалық мәслихатының

2022 жылғы «___» ____

№ ___ шешіміне

       қосымша

 

Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

  

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтердің құны (қосылған құн салығын қоса алғанда) теңге

Жайлы үйлер

1 тұрғыннан айына

490

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

554

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

2132

 

«Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»
Дата публикации
02 декабря 2022