Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қарашада № 30640 болып тіркелді

 

Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы

№ 1861/3 ҚАУЛЫСЫ

 

Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда

жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға

сараланған тарифті белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының«Автомобиль көлігі туралы» Заңының
19-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол төлем кезінде 80 (сексен) теңге;

2) қолма-қол төлем кезінде жол жүру үшін – 130 (жүз отыз) теңге.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар қаласыныңәкімі

 

А. Байханов

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Павлодар қалалық

мәслихаты

Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы
Дата публикации
22 ноября 2022