2022 жылдың 18 қарашада «AMANAT» партиясының атынан Сырым Төкенұлы Рушанов, өзін-өзі ұсыну тәртібімен Ерлан Тілектесұлы Анафин Павлодар ауылының әкіміне өз кандидатураларын ұсыну туралы құжаттарын ұсынды.
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.