2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындалған Павлодар облысы, Павлодар қаласы Павлодарское ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының  

2022 жылғы 11 қарашадағы

№ 18 қаулысына қосымша

 

 

2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындалған Павлодар облысы, Павлодар қаласы Павлодарское ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Павлодар ауылы әкімінің сайлауын тағайындау.

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

                                                                             11 қараша

 (113-1-б. 1-1-т., 14-б. 8-1-т.)

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей  

21 қарашадан кешіктірмей

 (22-б. 2-т.)

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 

                                                21 қарашадан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

                                                26 қарашадан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Павлодар қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде   

                                        26 қарашадан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі, күннен басталады – 12.11.2022 ж. және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады, егер де сайлау тағайындау кезінде белгіленбесе – 26.11.2022 ж.

12 қарашада басталады және 26 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (113-3-б. 5-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституцияна, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 (14-б. 8-1-т., 113-5-б. 1-1-т.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен сайлау туралы Конституциялық заңында қарастырылған талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтарын тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар 

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2022 жылғы 1 қарашаға)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 30 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.14- т., 14-б. 1-8) тт. )

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын  және олардың жарақтандыруын орналастыру үшін орындарды белгілеу

 

Жергiлiктi атқарушы органдар

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

30 қарашаға дейін

 (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

30 қарашада жергілікті уақыт бойынша

сағат 18.00-де басталады және 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Павлодар қаласының әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

                                        20 қарашаға дейін

 (24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

                                        25 қарашадан бастап

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

                                      1 желтоқсанға дейін

(18-б. ( 5 тт. ), 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

8 желтоқсаннан ерте емес және

10 желтоқсаннан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2022 жылғы 11 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2022 жылғы 11 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін  

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8-т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін 

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

14 желтоқсаннан кешіктірмей

 (113-10-б.)

 

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

15 желтоқсаннан кешіктірмей

 (44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

19 желтоқсанға дейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б.)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспар мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындалған Павлодар облысы, Павлодар қаласы Павлодарское ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
11 ноября 2022