Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – шешім) Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы қаланы санитарлық тазалаумен айналысатын кәсіпорындарға тікелей экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Жаңа нормалар тарифтерді экономикалық негізделген деңгейге жақындатуға мүмкіндік береді және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді және осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Қоғамдық талқылау 2022 жылғы 13 қазаннан 2022 жылғы 28 қазанға дейін – өткізіледі.
Барлық қызығушылық танытқан азаматтар талқылауға келесі сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14258975 бойынша қатыса алады.