Шешім Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес қабылданды.
Шешімнің бұл жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасын сәйкестікке келтіру мақсатында қабылданады.
Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы «Павлодар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» № 204/26 шешімі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес қабылданған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 2021 жылғы 2 қаңтарда жаңа қабылдануына байланысты күшін жойды.
Жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға жатады.
«Ашық НҚА» порталында жарияланған.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14249749