Сіздердің назарларыңызға 2022-2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджетінің азаматтық бюджеті ұсынылып отыр, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Бұл құжат мынадай бөлімдерді:
- бюджеттік процестің заңнамалық базасын;
- бюджеттік процестің сызбасы;
- Павлодар қалалық бюджетінің жоспарлануын қамтиды.
2022-2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған және Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 106/13 сессиясында бекітілген.
2022 жылғы 28 шелдегі № 153/21 шешімімен Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022 - 2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» № 106/13 шешіміне өзгерістер енгізілді.