Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Кенжекөл ауылдық округі әкімін сайлау сайлау нәтижелері туралы хабарлама
2022 жылғы 24 шілдеде Кенжекөл сайлау округі бойынша Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімін сайлауы өтті. Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Кенжекөл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4926 азамат енгізілді, соның ішінде -1836 дауыс берді, оның ішінен «Барлығына қарсы» деген жолда қойылған белгімен - 20. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Марат Амангелдіұлы - 84; Мейрам Төлегенұлы Нұғыман - 244; Медет Мұхамед – Зәкірұлы Сансызбаев - 1438.
Кенжекөл ауылдық округінің әкімі болып сайланған Медетмұхамед-Зәкірұлы Сансызбаев, 1983 жылы туған, Павлодар қаласы Ленин кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, «Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы.
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2022 жылғы 24 шілдеде сайланған Кенжекөл ауылдық округінің әкімін тіркеді.